Осыған орай 2024 жылдың 05 ақпанында «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде дәріс оқылды.

Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады.

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм әлемге төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті.  Кездесудің мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде түсіндіру.

     Директордың тәрбие ісі жөніндегіорынбасары А.К.Калиева кездесуге шақырылған  мамандармен таныстырып,осы мәселеге байланысты ақпарат берді. Астана қаласы  «Діндерді зерттеу  орталығы» ЖШС орталығы мамандары  Нұрахметұлы А., Қайдар М.Қ., Айдарқұл  М.  мекеменің спортшы оқушылары  мен студентеріне кездесу барысында тақырып жайлы арнайы бейнеролик, фильм  көрсетті.   Жастардың интернет желісінде экстремистік материалдарды тануға және оларға қарсы тұруға бағытталған келелі ойлар ортаға салынып, ақпараттар айтылды. Кездесу өте жоғары дегейде өтті. Іс-шара соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.