Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, сеңбі күні, "ДосболLike" республикалық акциясы шеңберінде "Спорт-біздің досымыз" атты спорттық жарыс өтті.
Мерекелік іс-шараға спортшы балаларымыз белсенді түрде қатысып, эмоцияға толы әсерге ие болды.
Жиналған оқушыларымыз үш командаға бөлініп, спорттық ойындарының жеңімпазын өз ара анықтады. Шаңғы эстафетасы, арқан тарту және қысқы боулинг бағдарламалары бойынша жеткіншектеріміз қызықты және думанды түрде сайысқа түсті.
Тәрбие, қожалық және спорт бөлімдері ұйымдастырған акция үлкен дәрежеде және көңілді түрде өтті!