Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ХХ ғасырдың басында Түркияда түріктің белді балуандарын жыққаны тарихи деректерден белгілі. Сол сапарда Ыстамбұлдың әкімі Шағыр паша Қажекеңнің алапат күшіне, балуандық қабілетіне тәнті болып, осы қанжарды сыйлаған екен.
Сол тарихи жәдігер арнайы комиссияның мақұлдауымен кеше Астанадағы Ұлттық мұражайға табыс етілді. Иә, Ұлттық мұражайы бар ел екеніміздің өзі Алла тағаланың қазақ жұртына жасаған керемет сыйы.
Қажымұқан қанжарының ұлттық мұрағатқа табысталуына себепші болған Мәжіліс депутаты Ардақ Назарға, басқа да бауырларға алғысымыз зор.

СУРЕТТЕР:
Мәдениет министрінің орынбасары Арман Жүдебаев пен Парламент депутаты Ардақ Назар.
Қажымұқанның шөбересі Айкен.
Ардақ Назар мен Қыдырбек Рысбек.
Қажымұқанның қанжары.