Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің басшылары атынан және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы жылы елімізде және мекемемізде айтарлықтай өзгерістер орын алып, Қазақстан Республикасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде спорт саласындағы ұлы жеңістер мен елеулі табыстар қуантады.
Алда 2024 - Олимпиада жылы! Төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі сайыста Қазақстан спортшылары туымызды биікке көтеріп, жеңіске жетер жолда қайраты мен жігерін аямай, еліміздің даңқын арттыра түсетініне сенімдімін.
Біздің түлектер де осы додаға белсенді қатысып, Еліміздің абыройын асқақтадады!
Жаңа жылда Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін!
Жан жүректеріңіз қуанышқа толып, шуақты күндеріңіз молынан болсын!

Ізгі ниетпен, директор
Мәлік Сапашев