Мекемемізде 13 желтоқсан, сәрсенбі күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бекежанова Динараның ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих білгірлері» тақырыбында оқушылардың ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру мақсатында  интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыс төрт кезеңнен тұрды, І кезең  кахут ойыны арқылы өтіп сайыс қатысушылары іріктелді, келесі кезеңге  қатысқан он оқушының бесеуі өтті. Екінші кезең «Бәйге», үшінші кезең «Тұлғаны таны», төртінші кезең «Терминология»  әр кезеңге өту оқушылардың білімін шыңдай түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған  10 «Б» сынып оқушысы Шаяхмет Жәңгірхан,  ІІ орынды 11 «Б» сынып оқушысы Абдысамат Асан иеленсе, ІІІ орынды 11 «А» сынып оқушысы Таукенова Аида иеленді. Марапаттау рәсімін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдашаева Сара Жапсарбайқызы жүргізді.  Оқушыларымыз тарих пәнінен алған білімін жүйелеп,  ой ұшқырлығын көрсетті.