Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, жоспарға сай, спортшы-оқушылардың аттестациялаулары басталды.
Оқу маусымы кезеңінде екі рет өтетін (желтоқсан және мамыр айларында) іс-шарада 7-11 сынып арасындағы спортшылардың оқу, тәрбие, спортқа деген ынтасы және спорттық нәтижелері есепке алынады.
Осы төрт критерий бойынша оқушы-спортшы бала мекемеде қалады, не кетеді.
Комиссия мүшелерінің алдында әр спорттық бөлімшелердің жаттықтырушылар тобы, ұстаздар мен тәрбиешілер оқушыларға өз бағаларын береді.
Айта кетсек, бұл мектеп-интернат-колледж тек спортта дарынды балаларға арналған мекеме. Бірінші орында-жоғары спорттық көрсеткіш. Егерде, бір неше себептерге байланысты, нәтижесі болмаса, тәртібі мен оқуы төмен болса-оқушы, ережеге сай, мекемеден шығарылады.
Жауапты науқан кезеңінде балалардың тағдырлары алдынғы қатарда тұруда.
Сол себептен, әр мәселе бөлек және мұқият қаралынып, әділ шешімдер қабылдануда.

 {gallery}201223{/gallery}