2023 жылдың 15-18 желтоқсан аралығында Бишкек қаласында (Қырғызстан) грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен спорт шеберлерінің құрметіне арналған ХХVIII Халықаралық мемориалында мекеме спортшылары сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсекенің нәтижесінде Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының шәкірттері: 2 алтын және 3 қола медаль иеленді!
Атап айтсақ:
Болатұлы Алпамыс 60 кг- 1 орын;
Лесбай Ерсұлтан 110 кг.- 1 орын;
Шамил Досбол 60 кг. - 3 орын;
Ахалбек Әбілмансұр 71 кг- 3 орын;
Сеитов Тарлан 65 кг.- 3 орын.
Төл мерекемізге арнап спортшыларымыз тосын сый жасады! Бәрекелді!

 {gallery}191223{/gallery}