15.12.2023 жылы «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ  7 – 9 сынып оқушыларының күшімен 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған тарихи – әдеби сазды кеш өтті.

      Кештің мақсаты – желтоқсан көтерілісінің  сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау; жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Мектеп директоры атынан мектебіміздің қызметкерлерін оқу бөлімінің орынбасары : Молдашаева Сара Жапсарбаевна  Тәуелсіздік мерекесіне өзінің жылы лебізін білдіріп құттықтап, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

      Кешке мектеп ұжымы қатысып, өз ризашылықтарын білдірді. Кеш өз деңгейінде өтті.

 {gallery}1512232{/gallery}