Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында, мекеме психологі Гүлмира Қармысованың ұйымдастыруымен, грек-рим күресі бөлімі спортшыларымен психологиялық тренинг өткізілді. Аталған іс-шараның тақырыбы: "Жарыстың алдында және жарыс кезінде болатын күрделі эмоционалды жағдайларды алдын алу және психологиялық жаттығуларға үйрену". Спортшылар жарыс кезіндегі күрделі жағдайларға талдау жасап мектеп психологімен бірге күресу тәсілдері, алдын алу әдістерімен, жаттығуларды үйренді.
Сонымен қатар, спортшылар "ынғайсыз" қарсыластардын типологиясына топтық түрде психологпен талдау жасады. Тренинг нәтижесі сайыстар алдында тактикалық жағынан спортшылардың дайындықтарына пайдалы болып келеді деп, үміттенеміз.

 {gallery}131223{/gallery}