Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, ағымдағы жылдың 8 қарашасында, жоспарға сай, Педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібінде жылдың оқу және спорт бөлімдері атқарған және жоспарлаған жұмыстары туралы баяндамалар жасалды.
Мекеменің оқу жөніндегі директор орынбасары Молдашаева Сара Жапсарбайқызы сөз кезегінде жыл қорытындысы, оқушылардың білім алу нәтижелері, ұстаздардың жетістіктері, мектеп-интернат-колледждің материалдық-техникалық базасы, т.б. өзекті мәселелерге тоқталып, маңызы зор және салмақты мәлімдеме жасады.
Спорт жөніндегі мекеме директорының орынбасары Аманбаева Әсия Рақымқызы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мектеп-интернат-колледжге биылғы қабылдау науханы, оқушылардың демалыс кезеңінің өтуі, іріктеу мәселелері (селекция жұмысы), манызды спорттық жарыс қорытындылары туралы мәліметтерімен бөлісті.
Өзекті, шешімі таппай тұрған сұрақтар да көтерілді. Спортшылардың іс-сапар шығындар мөлшерін көбейту, инфрақұрылымдарды нығайту, әдістемелік жұмыстарды қолға алу, керекті спорттық жабдық- инвентарьларды сатып алу, т.б. өзекті ұсыныстар мен кеңестер айтылды.
Басшылық заңды түрде жолдарын тауып, құлақ асуға үәде берді.
Педагогикалық кеңес өз әділ шешімін шығарып, ал жиналған қауым бір ауыздан соңы қолдап, жиынды мәреге жеткізді.
Жиналыс соңында биік еңбек жетістіктеріне жеткен бір қатар мамандар Министрлік тарабынан марапатқа ие болды.

 {gallery}09112023{/gallery}