Астана қаласында орналасқан жекпе-жек сарайында, 2023 жылдың 4-5 қараша аралығында еркін күрестен "Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған республикалық турнир" дәстүрлі түрде өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернаттың жас палуандары осы жарысқа қатысып, жүлделі орындарға табан тіреді.
Махамбет Асылбеков 48 кг. салмақ дәрежесінде 3 орын иегері атанды.
Талғат Маренов 52 келіде қола медальға қол жеткізді.
Әдиет Төлеубай болса, 52 келіде, чемпион атанды!
Бексұлтан Сүлейменов 62 кг. - 3 орынға ие болды.
Мекеменің еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылар тобын өткен аптадағы жетістіктерімен құттықтаймыз!
Мектебіміздің басқа да спорт түрлеріне жұғысты болсын оң нәтижелеріңіз!

 {gallery}071120232{/gallery}