Күні кеше, Тараз қаласында, ересектер арасында еркін күрестен "Мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир" өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдерін анықтады.
Бұл, мәртебесі жоғары күрес додасына, Әлемнің 10 азулы мемлекетінің палуандары күш сынасты.
Ұйымдастырушылар тарабынан қосымша ақшалай сыйақы қарастылып мөлшері де белгілі болды: бірінші орын - 4 мын, екінші орын - 2 мын, үшінші орын - 500 АҚШ доллар.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлектері де осы жарысқа белсенді түрде қатысып, жүлдеге ие болды.
Атап айтсақ, 70 келі салмақ дәрежесінде Диас Сағдатов (Ақмола облысы) финалға шығып, ұпай санымен жеңімпазға жол берді-күміс медаль иегері!
92 кг. салмақта Астана қаласының өкілі, мекеме түлегі Нұрғали Нұрғайыпұлы да ақтық сайысқа шығып, нәтижесінде екінші орынды қаңағат тұтты.
Екеуі де күміс медальді ұтып, қанжығалары майланып, қосымша 2 мын долларға ие болды! Жеке бапкерлері де құр қол қалмай, 500 доллар сыйақы ұтып алды.
Марапат пен атақ құтты болсын!

 {gallery}07112023{/gallery}