Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлық чемпионаты күні кеше ғана аяқталды.
Бұл, байрақты бәсекеде, әйелдер арасындағы Ұлттық құрама командасы турнирдегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Шешуші жарыс күні, 3000 метрге жарыста, еліміздің мықты шорт-трекші қыздарымыз, мәреге үшінші жетіп, халықаралық додада қола жүлдегер атанды. Команда сапында Алина Ажгалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Мадина Жанбусинова мен Ольга Тихонова сынға түсті.
Қазақстан спортшыларының үздік уақыт көрсеткіші 4:16.200 секунд.
Бас жүлде жарыс қожайыны - Канаданың еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея спортшы-қыздары күміс медальге ие болды.
Жалпы бұл құрлықтық жарыста 6 мемлекет – Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Қытай, Жапония мен Қазақстан медаль жеңіп алған.
Ал, Қазақ Елінің қыздар шорт-трекшілері бұл қатарға еңді қосылды. Тарихи жетістік деп, айтса да болады!
Естеріңізге салсақ, Мәдина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Малика Ермек пен Яна Хан - Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің түлектері!
Ортақ жеңісіміз құтты-қайырлы болсын!

 {gallery}0611232{/gallery}