Астана қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп қалды.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 10 сынып оқушысы, бокс бөлімінің спортшысы Ақбота Есімбекова "Сары құрлықтың" додасында, 70 келі салмақ дәрежесінде, күміс медаль иегері атанды.
Алдымен, 1/2 финалында Ақбота моңғол қарсыласын бірінші раундта-ақ екі нокдаун арқылы, техникалық нокаутпен ұтты.
Финалдық бәсекеде Есімбекова тәжірибелі, оған қоса, ұзынбойлы, үндіс қызымен жұдырықтасты.
Тартысқа толы кездесуде, төрешілердің бөлек шешімімен, жеңіске Үндістан өкілі жетті.
Ақбота-күміс медальға қол жеткізді. Құтты болсын!

 {gallery}031123{/gallery}