Астана қаласының халықаралық әуежайында Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV жазғы Азия пара ойындарында өнер көрсеткен дзюдошыларды күтіп алу рәсіміне мектеп-интернат-колледжіміздің жаттықтырушылары, ұстаздары, әдіскерлері және әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Парадзюдошылар осы байрақты бәсекеде 14 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте 2 орынға тұрақтады.
Қ. Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының түлегі, әйелдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы - Ақмарал Науатбек (48 кг) осы ойындарды алтын медаль иегері атанып, мекеменің абыройын асқақтатты!
Құтты болсын ортақ жеңісіміз!

 {gallery}30102023{/gallery}