Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің "Қажымұқан" спорттық кешеніңде, бүгін, 21қазанда, Республика күніңе арналған, шағын-футболдан, мекеме бөлімшелері арасындағы, тартысқа толы, турнир өтті.
Жарысқа, бекітілген ережеге сай, әр бөлімшенің жаттықтырушылары мен колледж студенттері белсенді түрде қатысты.
Оған қоса, мектеп атынан әдіскерлер ұжымы да өз командасын бәсекеге тігіп жақсы өңер көрсетті.
Жолдастық, бірақ жоғары спорттық нәтиже көрсету кездесулерінде жүлдегерлер мен жеңімпаз анықталды.
Ұйымдастырушылар тобы (спорт бөлімі, әдіскерлер) әр номинациялар бойынша да өз лауреаттарын анықтады: "Ең үздік қақпашы", "Ең үздік шабуылшы" атты марапаттар өз қожайындарын тапты (Ярхам-ағай мен Дәурен-ағай).
Ал, командалық нәтижелер бойынша, үшінші орынды, жарыстың қола жүлдегері - Дзюдо бөлімі қаңағат тұтты.
Тұғырдың екінші сатысына, күміс медаль иегері - Грек-Рим күресі бөлімі көтерілді.
Жарыс жеңімпазы және "REPUBLIC DEY OF QAZAQSTAN CAP-2023" кубогының иегері болып - Еркін күрес бөлімі атанды!
Жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтап және марапат рәсімін жүргізген мекеме директорының спорт жұмысы жөніндегі орынбасары Әсия Аманбаева ханым алғыс білдіріп, жеңісті күндерде жүздесе беруге тілек білдірді.
Мереке құтты болсын, ағайын!

 {gallery}231023{/gallery}