Астана қаласында орналасқан "Алау" мұзайдыны спорт кешенінде жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Чемпионаты өтуде.
Бұл байрақты бәсекеде Еліміздің 7 облысының және 2 республикалық мағынасындағы қалаларының спортшылары қатысуда. Жалпы, Ұлттық Чемпионатқа 183-ке жуық тарландар мұзайдынына шықты.
Бұл жарыста ұйымдастырушылар мен жаттықтырушылар тобы Қазақстан құрама командаларының сапына ең мықты деген конькишілерді іріктеп алуды көздеуде. 
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледж спортшылары жоғары нәтижелерді көрсетіп, мамандардың көзіне ілікті.
Алина Дауранова 500 м. қашықтықта әдеттегі дей алтын медальді ұтып алды! Ал, 3000 м. командалық жарыста екінші орынға ие болып, күміс медаль иегері атанды.
Михаил Глущенко да өз дистанциясында мәре сызығын екінші болып кесіп, жүлдеге қол жеткізді.
Қола медальді студенттеріміз: Алдияр Төлегенов пен Азамат Сатқожа, және мектеп оқушысы Руслан Жанаділовтер жеңіп алды.
Айзада Жәрдембекқызы - Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері. 
Оған қоса, мекеме түлегі Бақдәулет Сағатов 5000 м.жарысында екінші орынды иеленді.
Барша "қажымұқандықтарды" осы биік спорттық нәтижелермен құттықтаймыз!

 WhatsApp Image 2023 10 20 at 12.14.53