16 қазан күні 7 “А” сыныбымен Биология пәні мұғалімі Умурзакова Назгүл Ерсарықызы
“Азық- түліктердегі көмірсулардың, майлардың және нәруыздардың маңызы” тақырыбымен үлгі сабағын өткізді.
Оқушылар түрлі тапсырмалар арқылы тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсулардың адам өмірі үшін маңызын, ыдырау нәтижесінде қандай өзгерістерге ұшырайтындықтарын, ағза үшін жетіспегенде не болатынын және қызметтері мен күнделікті тұтыну мөлшерлерімен танысып білді.
Азық-түлік құрамындағы органикалық заттардың болуын анықтайтын тәжірибелермен танысып сабақ соңында kahoot ойыны арқылы тест тапсырмаларын орындады. Оқушылар үшін сабақ өте қызықты өткені байқалды себебі балалар жоғары белсенділік танытты.

 {gallery}181023{/gallery}