Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің оқушысы, көркем гимнастикадан XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Эрика Жайлауова, құрлықтық байрақты бәсекеден кейін, өзінің оқу-спорттық ордасына оралды.
Мекеме оқушы-студенттері, басшылығы, ұстаздары, тәрбиешілері, жаттықтырушылары, әкімшілік қызметкерлері өз шәкіртіне аса құрмет көрсетіп, салтанатты түрде қарсы алды.
Сөз кезегінде, мекеме директоры Мәлік Сапашев, "Азиада" жүлдегерін құттықтап, алдағы жарыстарда тек сәттілік тіледі.
Ал, мектептің осы өткен Азия ойындарындағы басқа медалисті - ватерполшы Егор Белоусов, өз әріптесіне гүл шоқтарын сыйлады.
Естеріңізге салсақ, Эрика Жайлауова - атақты қазақтың ардагер-хоккейшісі, "Барыс" клубының және Қазақстан Ұлттық құрама командасаның ойыншысы, капитаны - Талғат Жайлауовтың туған қызы.
Осындай, спорттық отбасынан шыққан алтын қызымызға және оның ата-анасына, алғысымыз шексіз.
Екатерина Есикова бастаған, мекеменің көркем гимнастика бөлімінің жаттықтырушылар тобын, шын жүректен, кезекті белесті бағындырған сәтімен, құттықтаймыз!

 {gallery}131023{/gallery}