Су добынан ересектер арасындағы Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі, Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 11 сынып оқушысы, Атырау қаласының тумасы, Егор Белоусов, Ханчжоу қаласында (Қытай) жуырда өткен XIX жазғы Азия ойындарынан абыроймен үйге оралды.
Естеріңізге салсақ, командамыз үшінші орынды иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
16 жастағы Егор баламыз ересектер арасындағы Ұлттық құрама сапында ойнап, Еліміздің абыройын асқақтатып қоймай, халықаралық аренадаларда мекеменің де атын шығаруда.
Оған қоса, тарланымыз, Қазақстан Республикасы жастар құрама командасының капитаны, көшбасшысы...
Бүгін, мекеменің оқушылары, ұстаздары, жаттықтырушылары, әкімшілік қызметкерлері өз спортшысына аса құрмет көрсетіп, салтанатты түрде, оқу ордасында, қошеметпен қарсы алды.
Алда, Егорды оқу процессі күтуде. Сосың, оқу-жаттығуы жиындары мен жарыстар.
Сәттілік пен жеңісті күндерді тілейміз, чемпионымызға!

 {gallery}121023{/gallery}