31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан күн.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.

Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде.

Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы, тәрбиеленушілері ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске алу тәрбие сағатын өткізіп, қуғын- сүргін құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойып, балалар арнайы өлең жолдарынан қаза тапқан жандарымызға жыр арнады. Біз - терең тарихтан өнеге, қуат алған халықтың ұрпағымыз. Тар жол, тайғақ кешу нәубаты таңбаланған, ата-бабаларымыз көздің қарашығындай қорғаған жердің қадір-қасиетін түсінуіміз қажет. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегінде мәңгі қалмақ.
#спорттәрбиесі
https://www.instagram.com/p/Cs5O5sOtSIf/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==