Бүгін, Ел Орда төрінде орналасқан "Алау" мұзайдыны сарайында, Қазақстан Республикасы IV қысқы жастар ойындарының бағдарламасына сәйкес, қыздар мен ұлдар арасында конькимен жүгіру жарыстары басталып кетті.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы оқу-спорттық ордасының 9 тарландары бұл байрақты бәсекеге белсенді түрде қатысуда.


Бірінші спорттық күнінде қоржынымызға 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальдар сынғырлап түсті.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, колледждің 1 курс студенті, "Жыл үздігі", Алина Дауранова командалық спринтте, 500 м және 3,000 м қашықтықтарда қарсыластарына дес бермей, бірінші орындарды жеңіп алды!
Ерлер арасында, командалық спринтте, ұлдарымыз қола медальге қол жеткізді.
Ақжол Нұралы, Руслан Жанадилов және Азамат Сатқожа бастаған топ тұғырдың шыңынан көріне білді. Михаил Глущенко да, 5,000 м жарысында қола медаль иегері атанды.
Мекеменің қыз спортшылары мен шәкірттері - Еңлік Жәрдембекқызы, Алина Дауранова және Дарья Гаврилова чемпиондық және жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс әлі де жалғасуда.
Конькимен жүгіру бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын шын жүректен құттықтаймыз!