Жуырда Маңғыстау өңірінде, Ақтау шаһарында, таеквондо спорт түрінен Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары табысты өнер көрсетіп қайтты.
Мекеменің екінші курс студенті Мейір Нұрғазин 87 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иегері атанды. Оған қоса, мектеп түлегі Бауыржан Хасенов 87 келіден жоғары салмақта екінші орынға табан тіреді. Үшінші курс студенті Ақан Иманбек (80 кг), және бірінші курс студенті Снежана Кан (53 кг) қола медальдарды қанағат тұтты.
Таеквондо бөлімінің аға бапкері Айтжан Алдабековтың шәкірттері биік шыңдардан көріне берсін!
{gallery}000/news/2022/09/27-1{/gallery}