2022 жылы 29 сәуірінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында оқушыларға 2015 жылғы  18 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар 11 сынып оқушылары осы тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісті.