2022 жылдың 9 наурызында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. К. Қалиева және «Сарыарқа» ауданы ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция майоры Гүлжан Оралқызы Кенжебекова, аға жедел уәкіл полиция майоры Нұрсұлтан Қуандықұлы Айтбаев және полиция майоры Римма Ренатқызы Бекетова, кіші полиция сержанты  Әсем Токенқызы Нұриманова бірлесіп Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған интернат – колледжінің жастары арасында  «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.  

      Сонымен қатар біздің мектебіміздің заңгері  Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты.

Оқушы - спортшылар сұрақтар қойды:

- Егер құқық қорғау органдары сізді көшеде ұстаса, өзіңізді қалай дұрыс ұстау керексіз?

- Қандай жағдайларда полиция жасөспірімді бөлімшеге апара алады? Онда қанша уақыт ұстай алады?  Күштеп алып кете алама?

- Полицияның ата-анасының рұқсатынсыз саусақ іздерін алуға құқығы бар ма?

- Құжаттары болса да, полицияға әрдайым сену керек пе?

- Егер ата-аналар рұқсат берсе, көшеде белгіленген уақыттан ұзағырақ бола ала ма? және т.б.

Семинар достық және сенімді жағдайда өтті.