«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында өткізілген дәріс туралы

2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат - колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында заңгер Гүлмира Жұмабайқызы Омарова «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді. Слайдтарда қызметкерлерге танысу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, Мекеме заңгері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен тәрбиені қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды тарту бойынша құрылымдық бөлімшелердегі жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударды.