«Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің ортақ мақсатымыз»

 

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде спорт бөлімінің қызметкерлері мен жаттықтырушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің ортақ мақсатымыз» атты отырыс өтті.

Кездесу барысында мекеме директорының спорт жөніндегі орынбасары Садырбаев Дәулет Ақылбекұлы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың бірқатар маңызды мәселелеріне тоқталып өтті.

Баяндаушы Есен Бақытбек өз сөз кезегінде: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық мекеме жұмыскерлерінің азаматық борышы, сонымен қатар, немқұрайлықпен қарамауға, заңсыз әрекеттерге жол бермеуге және құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жетілдіру керектігін», атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша спорт бөлімінің қызметкерлері және жаттықтырушылар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстары ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлық спорт бөлімі