Баспасөз-релиз «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

 

Баспасөз-релиз 2021 жылдың 24 қарашасында тәрбиешілер Абдукаримова А., Қалижанова Н. Н. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» презентациясы түрінде ақпараттық-тәрбие сағаттарын өткізді.

Тәрбие сағаттарының мақсаты: тәрбиеленушілерде сыбайлас жемқорлықтың теріс қатынасын қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемалары оның қоғамдық қауіптілігінің өте жоғары деңгейіне байланысты екенін түсіндіре отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау нәтижесінде мемлекеттік және жергілікті билік органдарының қызметі елеулі түрде бұзылатынын; көбінесе материалдық залал келтіріледі; азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, ал тұтастай алғанда бүкіл қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қысым жасалатынын айта отырып, оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы күрес саясатын түсіндірді. Іс –шараға қатысқан оқушылар саны – 25.