18.04.2023 жылы оқушылар арасында тәрбиешілер ұйымдастырған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол  жоқ!» сайысына - жиырма оқушы тақырыптың өз көзқарасын көрсететін жұмыстарды ұсынды. Дауыс беру және қазылар алқасының бағалауы аяқталғаннан кейін өткізілген конкурстың қорытындысы шығарылды:

1 орын: шорт-трек бөлімшелері;

2 орын: Тулеш Марлен (грек-рим күресі); 

3 орын: Тәңірберген Нарбек (еркін күрес).

         Жүлделі орын алмаған сайыскерлер тәтті сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық жеңімпаздарды құттықтадық!

        Байқаудың мақсаты: оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту.

 1

2