2023 жылы 26 наурызда  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы  олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж студенттері  арасында «Адал және шынайы болу»  тақырыбында  ой бөлісу сағаты өтті.

        Мақсаты: Адалдық пен шынайылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

        - «адалдық», «өтірік», «әділдік», «шынайылық» ұғымдарының мағынасын ашу;

        - әртүрлі өмірлік жағдайларда адамдардың мінез-құлқын шынайы бағалау қабілетін дамыту;

        - өз ойларының, сөздерінің және іс-әрекеттерінің тазалығы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.

        Іс-шара барысында оқушылар пікір алмасып , адалдық туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздермен ой бөлісті.