WhatsApp Image 2023 06 09 at 12.54.40

2023 жылғы 06-08 маусым аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған                                    мектеп-интернат-колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға болып табылатын заңгер Г.Ж. Омарова Академиялық адалдық кодексін, ашықтық, емтихан бақылауынан өтудегі әділеттілік қағидаттары мен нормаларын сақтау, академиялық мәдениет деңгейін арттыру, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында білім алушыларының мемлекеттік емтихандарды тапсыруына бақылау жүргізді.

Жалпы кәсіптік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандарды және арнайы пәндер бойынша кешенді емтиханды тапсыру бойынша қорытынды аттестаттауды өткізу мониторингі барысында білім беру процесіне қатысушылар тарапынан Академиялық адалдық қағидаттарын бұзушылықтар анықталмады, колледж студенттері академиялық адалдықты ұстану нормаларын сақтады.