Бүгін, 23 мамырда, Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-де
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Ерсінқызымен кездесу өтті.
Жемқорлықтың түбі-қорлық! Бұл, қоғамда орын алған аса қауіпті дерт кеңінен жайылмау үшін, осындай, манызы зор, дәрістер қажет-ақ.
Кездесу барысында жиын спикері сыбайлас жемқорлыққа қатысты бір қатар Заңнамалармен таныстырып, өтілетін жазаларды да атап өтті.
Оған қоса, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік істерді қозғау және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілік шараларын қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Мемлекеттік қызметкерлер және квазимемлекеттік мекемелердің басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам және лауазымды тұлғалардың пара беру/алу жауапкершіліктері туралы ескертілді.
Жиналған қауым қонақты сауалдармен жаудырып, пайдалы жауаптар мен орынды кеңестерге ие болды.
Осындай сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу шаралары ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілуі өте маңызды деп, ниет білдірген қонаққа, жиналған жұрт алғыстарын білдірді.

 {gallery}23-05{/gallery}