Республикалық «Білім айнасы» ғылыми – танымдық газетінің журналында Р.Т.Жанаеваның  «Білім беру саласында сыбайлас жемқорлықты жоюдың аспектілері» мақаласы жарияланды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің  тиімді жолы – ұстаздар, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқара халықтың спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету.     

         Еліміздегі экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру, халықтың әл – ауқатын арттыру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық тәсілдеріне спорттық шараларды енгізу тиімді. Спортпен шұғылдану әр адамның өзіне сенімділігін қалыптастырып, күш – қуатының артуына, жеке басын дамытуына мүмкіндік береді.  

        Әр спортшының болашақтағы бағыт – бағдарын айқындап,  тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыруға күш жігерін арнау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды бойына сіңірудің маңызы зор.