Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бастап ілгері дамып келеді. Еліміздің жаңа қоғамда экономика, саясат, білім-ғылыммен қатар, спортта да жеткен жетістіктері айтарлықтай көп.

Алайда коғамды кері тартатын фактордың бірі – сыбайлас-жемқорлық мәселесі түбегейлі шешімін таба алмай келеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 2022 жылдың  тамыз айында «Спортта сыбайлас-жемқорлық жол жоқ» атты ұранымен спорттық көпшілік шара ұйымдастырлды. Спорттық шараға мекемеміздің шаруашылық бөлімі, оқу бөлімі және тәрібие бөлімі командалары қатысып, спорттық шараға 70 үстінде мекеме ұжымы қатысып, спорттын 4 түрінен өнер көрсетті. Атап айтсақ эстафеталық ойындар, дартс, арқан тартыс және волейбол спорт түрлерінен сайысқа түсті. Спорттық шараға командалар 3 топқа бөлініп Қажымұқан командасы (шаруашылық бөлімі), Жігер командасы (оқу бөлімі) және Алпамыс командалары (тәрібие бөлімі ) жүлделі орындарын күш сынасп, өз ара командалар жүлделі орындарды бөлісті. Осы спорттық додада жүлделі бірінші орынды Қажымұқан командасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды Жігер командасы мен Алпамыс командалары бөлісті. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінін ұжымы    алдағы уақыттада  сыбайлас-жемқорлық қарсы спорттық шаралар өткізетдігін және бірлесіп күресу керек екен айтып өтті.    

{gallery}000/news/2022/10/28{/gallery}