Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мекемемізде ұстаздар арасында "Қоғамға қауіпті кесел-сыбайлас жемқорлық" атты құқықтық оқыту жиналысын ұйымдастырылды. Жиында қозғалған мәселелер қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысы жоқ екеніңе дәлелденген. Оның ішінде, аталған сыбайлас жемқорлық, Қазақ Елінде де, әлеуметтік құбылыс ретінде, өкінішке орай, өз өмірін жалғастырып келуде. Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіні туралы да нақты айтылды.

Жемқорлық-демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж ұжымы  үнемі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оның кең таралуына жол бермеуде!

{gallery}000/anticor/2022/09{/gallery}