Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.   10.09.2022 жылы  әйелдер күресі мен қыздар футболы бөлімдерінде өскелең ұрпақтың   сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында түсіндірме сағатын тәрбиеші М. Джанпеисова өткізді. 

Біздің ордамызда тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары, дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылып отырады. Негізгі мақсат - жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, білім алушы жастардың арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады.