Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымында Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында кездесу жиыны өтті. Кездесудің мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.

Кездесу барысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ардак Казтаевна ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы және жас буынның бойына парасаттылық пен ізгілікті қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Жиынға сонымен қатар мектеп-интернат-колледжінің меңгерушісі және өзгеде бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында слайд материалдары көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы қызметкерлеріміз өз ойларын ортаға салды.