Мақсаты:  Сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық құндылық ұстанымды қалыптастыру, тәрбиелеу.

Міндеттері: сыбайлас жемқорлық құбылысымен таныстыру: мәні, себептері, салдары, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу.

Презентациямен сүйемелденген әңгіме  сағатында білім алушылармен келесі мәселелерді талқыладық: сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін жағымсыз әсерлері, «сыйлықтар және басқа да алғыстар», «Мектептегі сыбайлас жемқорлық» тақырыптарындағы көріністер, жағдайлар.

Әңгіме  сағатының соңында оқушылар әрбір азамат белсенді өмірлік ұстанымда болғанда ғана сыбайлас жемқорлықты жеңуге болатынын , бар  күш-жігерін жұмсап, мәселелерді заңды түрде шешуге болады деген қорытындыға келді. Ол үшін  әр азамат  өзінен бастауы  керек.