Ә. Бөкейханов 155 жылдық 10 сыныптар есеп 1

2021 жылдың 15 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 10 «А», 10 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен Әлихан Бөкейхановтың – 155 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық сағат «Алаштың арысы, қазақтың намысы» тақырыбында онлайн түрде, zoom платформасы арқылы өтті.

         Алғашқы сөзді Д.Б. Бекежанова алып, тәуелсіздік жолында күрескен ұлт қайраткері – Әлихан Бөкейханов өмірі туралы жан-жақты ақпарат беріп, слайд арқылы қоғамдық-саяси қызметінен бөлек ғылымның әр саласына арналған мол ғылыми және шығармашылық мұрасын көрсетіп таныстырды. Сонымен қатар оқушылар білімін толықтыра түсу үшін «Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан туралы замандастарының естеліктерінен топтама» атты деректі фильмі көрсетілді. Қорытынды сөзді Н.С. Мусакулова алып, Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеп, ұлт үшін жанын қиған асыл азаматымызды ешқашан ұмытпауымыз керек екендігіне тоқталды. 10 сынып оқушылары Ергалиев Ернұр мен Бастыбаева Томирис қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін білдірді.