«Қазақ даласының батыры»

26.02.2021 жылы тәрбиеші Нұрбаева Г. К. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ тәрбиеленушілермен бірге «Қазақ даласының батыры» атты ашық сабақ өтті. Онлайн - кездесу ZOOM платформасы арқылы болды. Бұл сабақ әлем күнтізбесінің жаңа парағын ашқан биылғы жылы, бір туар палуан, қазақ елінің мақтанышына айналған алып күш иесі, елін, жерін, әлемге паш еткен, тарихта аты алтын әріппен жазылған теңдесі жоқ, палуан Қ. Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналды.

Сабақтың мақсаты: палуан өмірін, ерлігін, жетістіктерін, жас спортшыларға үлгі ету.
Түркістан қаласы, орбадасы ауданы, Темірлан елді мекенінде орналасқан Қажымұқан мұражайының жәдігер сақтаушы, бақылаушысы, палуанның туған немересі Қажымуканова Перизат Айдарханқызы мен онлайн кездесу барысында біз білмейтін палуанның әңгімелерімен бөлісті.

Немересі батырдың ұрпағы, дене бітімі, біз білмеген қырлары,жүріп өткен жолдарынан толық мағұлмат берді. Біздің жас спортшыларға күш беретін палуан ата ерлігі, жетістіктері мұражайдағы жәдігерлері, онлайн кездесу барысында тікелей көрсетіліп, өз көзімізбен көргендей болдық.

Біздің мектеп-интернат-колледжімізде «Қажымұқантану» бағыты бойынша жыл сайын тәрбие жұмыстарын жүргізу дәстүрге айнылған.

Сабаққа қатысқан әрбір оқушы сұрақтар қойып, өз ризашылықтарын білдіріп, ойларымен бөлісіті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қ. Қалиева өз пікірімен бөлісіп, бүгінгі сабақтың жас ұрпаққа берер мол қазына деп, Перизат Айдарханқызына ризашылығын білдірді.

Осы кездесуден соң спортшыларымыздың қайрат жігерлері одан сайын артып, Палуан ата мектебінде оқып жатқанын мақтанышпен айта білді. Қашанда Қажымұқан бабамыздың өнегелі толы өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету біздің тәрбиешілердің міндеті деп білеміз.