Жаңалықтар

29-04-2024 04:06
Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында София қаласында (Болгария) өткен грек-рим күресінен U23 жастар арасында "PETKO SIRAKOV-IVAN ILIEV" атты халықар
29-04-2024 03:55
Қарағанды қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша, жасөспірімдер арасында, "Алтын мұз" атты республикалық турнир өтті. Қ. Мұңайтпасов атындағы м
22-04-2024 07:24
Астана қаласында, 2024 жылдың 20 сәуірінде, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларын Техникалық және кәсіптік

Біздің мақтаныштарымыз

 

Біздің бөлімшелер


 
  • Мектеп

  • Колледж

  • "Қажымұқан" спорттық-сауықтыру кешені

  • “Олимпиец” сауықтыру-қалпына келтіру кешені

  • Спорттық бөлім

  • Жатақхана

  • Медициналық бөлім

  • Асхана

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалымы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда үкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы барша Қазақ Елінде аталып өтуде.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде, мекеменің оқу бөлімінің ұйымдастырылуымен, оқушылар арасында, оқу-әдістемелік конференция өтті.

Іс-шара барысында спортшы-оқушылар Аханның ізгілікпен өрліген өмірінің әр кезеңіне нақты тоқталып, көне тарихка бет бұрып, мухият зерттеу арқылы, бір-бірімен пікір алмасты. Онлайн-формат арқылы жаңадан түскен оқушылар да өз сәлемдерін жолдап, жазушы-ақынның өлеңдерін оқып берді.

Конференция жұмысында сөз алған баяндамышылар А. Байтұрсынұлының әдебиеттік, саяси, ғылыми, ақын-сазгерлік, аудармашылық жұмыстарына бөлек тоқталып, толыққанды ақпаратпен бөлісті.

Іс-шара соңында бірқатар белсенді қатысушыларға руһани байлығы бар кітаптар мен арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Осы шараға шақырылған қонақтар арнайы сөз алып, оқу-спорттық мекеменің қызметкерлерін Қазақстан халқы тілдер күні мерекесімен және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен құттықтап, барша жиналған қауымға шығармашылық пен спорттық жетістіктерді тіледі.

{gallery}000/news/2022/09/07{/gallery}

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі туралы

 

Қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің сайтына қош келдіңіздер.

Біздің мектеп, жазғы және қысқы Олимпиада спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін даярлайтын жалпы білім беретін мамандандырылған мекемесі болып табылады.

Көпұлтты елімізді Әлемге таныткан атақты тұлғалар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шәмил Серіков, Валерий Люкин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Дәулет Тұрлыханов, Елена Чебукина, Ольга Кривошеева, Ислам Байрамуков біздің мектептің табалдырғынан шыққан түлектері.

Сайтымыздың парақшаларында мектебіміздің тарихымен, біздің спорттық жетістіктерімен және білім алу мен тәрбие бағыттарымен танысаласыздар.

Сонымен қатар, мектеп-интернат-колледжіне түсу үшін қойылатын талаптарымен, білім алуға, жаттығу жасауға, спортшылардың тамақтануы және тұрғын орындары жөнінде танысуға болады.

Мекеменің материалдық базаларын көрсетеміз және спорт мектебіміздің болашақтағы даму жоспары туралы айтып береміз.

Біздің мектептің шәкірті болу үлкен абырой! Чемпион болу үлкен құрмет және мақтаныш!

Сіздерді, біздің сайтымызда арқашан көруге қуаныштымыз және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!