Оқушылардың өрт сөндірушілердің жеке құрамымен кездесу
2018 жылдың 11 сәуір күні «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ-нің 8, 9, 10 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары барысында № 5 Астана қаласының Сарыарқа ауданы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесіне барды.
Онда оқушыларды бөлімше басшысының орынбасары Райымбеков Сағынған Құдайбердіұлы қарсы алды. Ол оқушыларды жеке құрамымен, олардың арнайы жасақтарымен және өрт сөндіру бөлімшесімен таныстырды. Бөлімше басшысының орынбасары кездесу барысында оқушыларға өрт сөндірушілердің қиын да жауапты қызметінің қыр-сыры туралы әңгімелеп берді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылықтарын жасыра алмады.
Кездесу соңында Сағынған Құдайбердіұлы мұндай кездесулер әлі де болатынына сенім артты.