Қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің сайтына қош келдіңіздер.
Біздің мектеп, жазғы және қысқы Олимпиада спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін даярлайтын жалпы білім беретін мамандандырылған мекемесі болып табылады.
Көпұлтты елімізді Әлемге таныткан атақты тұлғалар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шәмил Серіков, Валерий Люкин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Дәулет Тұрлыханов, Елена Чебукина, Ольга Кривошеева, Ислам Байрамуков біздің мектептің табалдырғынан шыққан түлектері.
Сайтымыздың парақшаларында мектебіміздің тарихымен, біздің спорттық жетістіктерімен және білім алу мен тәрбие бағыттарымен танысаласыздар.
Сонымен қатар, мектеп-интернат-колледжіне түсу үшін қойылатын талаптарымен, білім алуға, жаттығу жасауға, спортшылардың тамақтануы және тұрғын орындары жөнінде танысуға болады.
Мекеменің материалдық базаларын көрсетеміз және спорт мектебіміздің болашақтағы даму жоспары туралы айтып береміз.
Біздің мектептің шәкірті болу үлкен абырой! Чемпион болу үлкен құрмет және мақтаныш!
Сіздерді, біздің сайтымызда арқашан көруге қуаныштымыз және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!