Оқу және өндірістік тәжірибе нәтижесі бойынша Конференция

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінде әрбір  оқу және өндірістік тәжірибе нәтижесі бойынша жеке студенттің және жалпы топтың жұмысын бағалау Конференциясы болып өтеді.

Іс-тәжірибеден өту барысында студенттер оқу орнының жұмыс бағдарымен, оның қызметімен және педагогикалық ұжымымен танысады. Мекеменің оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы негізгі мақсат-міндеттерді меңгереді.

Аталмыш Конференцияны ұйымдастырудың мақсаты  студенттер жұмысын қорытындылау, тәжірибе тиімділігі жайлы объективті ақпарат беру болса, сонымен бірге бұл шара келешек педагогтың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасауды, педагогтар мен студенттердің бірлескен жұмысына баға беруді және тәжірибенің қиын берілетін сәттерін ашуды міндеттейді.