Колледж студенттерінің алғашқы оқу және өндірістік тәжірибесі

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қазақ және орыс топтарының студенттері оқу барысында оқу және өндірістік тәжірибеден өтеді.

Болашақ дене шынықтыру және спорт мамандары тәжірибенің алғашқы аптасын мекеме қабырғасында, мектеп сыныптарымен жұмыс атқарып, тәжірибенің екінші аптасын спорт түрлеріне сәйкес жаттықтырушылардың жетекшілігімен спорттық базаларда жалғастырады.

Кәсіптік іс-тәжірибе оқу барысының құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің оқу орнында өзі таңдаған мамандығы бойынша болашақ спорт жаттықтырушысының оқушыларды дайындаудағы тиімді нысаны болып табылады.

Тәрбие тәжірибесі кезінде білім алушылар өздерінің кәсіптік біліктілігін көтеріп, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дағды қалыптыстыруды меңгеріп, бекітілген сыныптарында іс-шаралар өткізеді.

Өндірістік тәжірибе барысында студенттер дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруды, сабақ жоспарын құруды, спорт түрі бойынша оқу-жаттығу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесін сақтауды, жалпы бапкерлік жұмыстың негізгі аспектілерін меңгереді.