Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, академиялық мәдениет деңгейін арттыру, білім беру процесінің барлық субъектілері арасында колледжде адал және ашық қарым-қатынасты нығайту, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздікке баулу мақсатында 2022 жылғы 07  - 10 маусым аралығында «Спорт және білім – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Омарова Гульмира Жұмабайқызы колледж студенттерінің мемлекеттік емтихандарды тапсыруы кезеңде тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысты.

Колледж білім алушылары жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсырды.

Қорытынды аттестаттауды өткізу мониторингі барысында бұзушылықтар анықталған жоқ, оның ішінде қорытынды аттестаттау комиссиясы тарапынан, сондай-ақ колледж студенттері академиялық адалдықтың жалпыға бірдей белгіленген қағидаттарын сақтады.

{gallery}000/anticor/2022/06/15{/gallery}