Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы келісімге сәйкес 2019 жылғы қарашада «Мәдениет және спорт министрлігі – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобалық кеңсесі (бұдан әрі - Жоба) құрылды және қызметін жүзеге асырады.

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру жоба қызметінің негізі болып табылады.

Жобаның миссиясы сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жеке және заңды тұлғаларды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, ұжымдарда салауатты моральдық – психологиялық ахуал жасау, қоғамның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне және оның ведомстволарына, ведомстволық бағынысты ұйымдарға сенімін арттыру болып табылады.

Жобаны іске асыру салалары:

1) мәдениет;

2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

3) кинематография;

4) дене шынықтыру және спорт;

5) туристік қызмет;

6) ойын бизнесі;

7) лотерея қызметі;

8) мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық

құжат айналымы және электрондық мұрағаттар;

9) тілдерді дамыту.

Жобаны іске асыру салалары бойынша мынадай бағыттар бөлінеді:

  1. Бизнес – процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және

саласындағы қолайлы жағдайлар:

1) Мемлекеттік сатып алу;

2) мемлекеттік қызметтер;

3) бақылау функциялары;

4) азаматтық – құқықтық қатынастар (мәмілелер).

  1. Сыбайлас жемқорлықты жою:

1) мемлекеттік мүлікті басқару;

2) нормативтік-құқықтық реттеу;

3) персоналды басқару.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту;

2)ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу.

 

Жобаны іске асыруға қатысады:

1) жауапты хатшы атынан жобалық кеңсенің кураторы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

2) жобалық кеңсе;

3) Жобалық кеңсе мәселелері жөніндегі кеңес;

4) жеке және заңды тұлғалар.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және оның ведомстволарының лауазымды тұлғалары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, лауазымды адамдары тарапынан жасалған және/немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдарына түсу емтихандарын өткізу кезінде даулы мәселелер туындаған, Жеке және заңды тұлғалар сенім телефоны арқылы Жобалық кеңсенің жауапты тұлғасына мына сенім телефоны арқылы: 8 707 974 03 23 немесе электрондық мекенжайға: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. шағымдануға құқылы.