Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК РММ-де арнайы дене дайындығы бойынша қабылдау емтихандарын өтті.

{gallery}2408-2{/gallery}

2020 жылдың 22 тамызында Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК РММ-ге 2020-2021 оқу жылына қабылдау Ережелеріне сәйкес қабылдау емтихандарын қабылдау кестесімен бекітілген арнайы дене дайындығы бойынша (бұдан әрі – АДД) емтихандары өткізілді.

Емтиханға барлығы 163 талапкер қатысып, емтиханға 2 адам келмеді.

АДД бойынша қабылдау емтихандары келесі спорттық базаларда ұйымдастырылды:

- "Жас батыр" СК-спорт түрлері: дзюдо, әйелдер күресі, жеңіл атлетика, футбол (әйелдер), грек-рим күресі, таеквондо, конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, жүзу, су добы;

- Орталық саябақ (Есіл өзені) – спорт түрі: байдарка мен каноэде есу;

- "Думан" СОО "Алан" көркем гимнастика академиясы-спорт түрі: көркем гимнастика;

-Нұр – Сұлтан – Аршалы тас жолы-спорт түрі: велоспорт.

Қабылдау комиссиясы АДД бойынша емтихандарды коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтай отырып және талаптарды ескере отырып ұйымдастырды.

Медициналық қызметтің жұмысы ұйымдастырылды, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде "Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Қамзолдаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Дәурен Сейілханұлы Жүсіпназаров, сондай - ақ "Мәдениет және спорт министрлігі Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің өкілі Айгүл Әбдіғаппарқызы Сақтағанова, "Спорт және білім" жобалық кеңсесінің Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-нің «Адалдық Алаңы" уәкілетті өкілі – Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты.

Конкурстық комиссия құрамында конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік жаттықтырушылар К.С. Сәрсекенова, грек-рим күресінен М.В. Рахметов, спорт түрлерінен аға және жауапты жаттықтырушы-оқытушылар, сондай-ақ қабылдау комиссиясының басқа да мүшелері жұмыс атқарды.

Ата-аналар мен заңды өкілдер бақылап отырған телевизиялық мониторларда түсушілер арасында кездесулер, жекпе-жек, спаррингтерді көрсету арқылы қабылданатын емтихандардың онлайн-трансляциясы ұйымдастырылғанын атап өту қажет. Емтихандар кезінде бейнетүсірілім жүргізілді.

"Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің бақылаушылары тарапынан оқуға түсушілердің ата-аналарымен конкурстық іріктеуді ұйымдастыру шарттары мен өткізу тәртібіне, ескертулерге, ұсыныстарға, қабылдау емтихандары барысында болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға қатысты сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, ата-аналардан қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және қандай да бір сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың болмауы туралы оң пікірлер алынды.

Қысқы спорт түрлері арасында мұз айдындарының, сондай-ақ жүзу бассейндерінің жабылуына байланысты шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, жүзу, сондай-ақ су добы спорттары бойынша емтихандар арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану және құрлықтағы нормативтерді тапсыру арқылы қабылданды, бұл жағдай спортшылардың күш-қуат және үйлестіру мүмкіндіктерін тексеруге кедергі болмады.

Спорттың басқа 11 түрі бойынша АДД бойынша емтихандар дәстүрлі форматта қабылданды.

Жалпы дене дайындығы бойынша емтихандарды қабылдаудың бірінші күні ауа райы жағдайына қарамастан, нормативтерді қабылдау спорттық ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырылғанын атап өткен қажет.

АДД бойынша қабылданған нормативтердің нәтижелерін конкурстық комиссия мүшелері балдық шкала бойынша, сондай-ақ спорттық кездесулердің жеңімпаздарын ескере отырып бағаланады.

ЖДД және АДД бойынша нормативтерді тапсыру қорытындылары емтихандарды өткізгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК-нің интернет-ресурсында және ақпараттық бұрышта жарияланатын болады.