Қ. Мұңайтпасов атындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің 2020-2021 оқу жылына 7-11 сынып оқушыларын жалпы дене дайындығы бойынша қабылдау емтихандары.

{gallery}2408-1{/gallery}

2020 жылдың 21 тамыз күні Қ. Мұңайтпасов атындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» қабылдау ережелеріне сәйкес 2020 жылдың 21 тамызында жалпы дене дайындығы бойынша қабылдау емтихандары 16 спорт түрлері бойынша өтті. Қабылдау комиссиясымен келесі спорт түрлері бойынша 165 өтініш:

1. Баскетбол – 3;

2. Бокс (ер/әйел) – 21;

3. Велоспорт – 5;

4. Әйелдер күресі – 2;

5. Су добы – 4;

6. Грек-рим күресі – 24;

7. Байдарка және каноэда ескек есу – 6;

8. Дзюдо – 49;

9. Конькимен жүгіру – 7;

10. Жеңіл атлетика – 2;

11. Жүзу – 15;

12. Таеквондо – 6;

13. Мәнерлеп сырғанау – 3;

14. Көркем гимнастика – 8;

15. Шорт-трек – 2;

16. Футбол (әйелдер) – 8 қабылданды.

Жалпы дене дайындығы бойыншы қабылдау емтихандары короновирус эпидемиясының алдын алу мақсатында күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік қашықтық сақтала отырып өткізілді. Емтихан уақытында медициналық кезекшілік қызмет атқарды.

Аталған іс-шарада спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылар, бақылаушы қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» кеңсесінің өкілі – А.А. Сактаганова және и Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің құзыретті өкілі заңгер – Г.Ж. Омарова, спорт түрлері бойынша аға және жауапты жаттықтырушылар, ОРРММИК басшылығымен комиссия мүшелері қатысты.

Қабылдау емтихандары 2 күнге, 21 тамыз жалпы дене дайындығы бойынша, 22 тамыз арнайы дене дайындығы бойынша өткізілу жоспарланған.

Бағынысты ұйымдарына түсу емтихандарын өткізу кезінде даулы мәселелер туындаған, Жеке және заңды тұлғалар сенім телефоны арқылы Жобалық кеңсенің жауапты тұлғасына мына сенім телефоны арқылы: 8 707 974 03 23 немесе электрондық мекенжайға: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. шағымдануға құқылы.