Бүгін, 2020 жылдың 2 сәуірінде еліміз бойынша жаңа форматта ата-аналар жиналысы өткізіліп жатыр.

«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ сынып жетекшілері де бұл іс-шараға қатысуда. Ұстаздар өз сынып оқушыларының ата-аналарымен және кейбіреулерінің заңды жауапты тұлғаларымен байланысқа шығып, қашықтықтан оқыту туралы ережемен таныстырып, нұсқаулықтар беруде.